Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

0
570

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.


Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

ERNUR.KZ. 21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс жасамайды, деп жазады tengrinews.kz.

"ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды", - деп көрсетті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.