Қазақстан мемлекеттік шекарадағы 12 автомобиль өткізу бекетін ашады

0
515

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында азаматтарға уақытылы вакцинациядан және ревакцинациядан өтуді ұсынды.


Қазақстан мемлекеттік шекарадағы 12 автомобиль өткізу бекетін ашады

ERNUR.KZ. Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ресей және Өзбекстанмен мемлекеттік шекара арқылы 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

2022 жылдың 12 шілдесінен бастап мынадай автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы қайта басталады:
Ресей Федерациясымен шекара арқылы (Қондыбай, Ақбалшық, Қызылжар, Найза, Жезкент, Байтанат, Қоянбай, Орда, Шаған, Қарашатау);
Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы (Целинный және Сырдария).
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында азаматтарға уақытылы вакцинациядан және ревакцинациядан өтуді ұсынды.