Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттері төрт күнге жабылады

0
354

Шекарадағы өткізу пунктерінің жабылуына мерекелік демалыс себеп болған.


Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттері төрт күнге жабылады

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің төрт күнге жабылатынын жеткізді, деп жазады Stan.kz

Шекарадағы өткізу пунктерінің жабылуына мерекелік демалыс себеп болған.

“Қытай Халық Республикасында 29 қыркүйектен бастап, 1 қазан мен 3 қазан аралығындағы мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.