Қазақстан мен Қытай су мамандарын даярлайтын бірлескен колледж ашуды пысықтап жатыр

0
89

Бірлескен оқу орталығы Тараз қаласында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында ашылуы мүмкін.


Қазақстан мен Қытай су мамандарын даярлайтын бірлескен колледж ашуды пысықтап жатыр

фото: Sputnik / Илья Наймушин

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қытай су саласына маман даярлайтын бірлескен колледж ашу мәселесін пысықтап жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Бұл жөнінде ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтің Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен кездесуінде йтылды. Делегацияны "Үш шатқал" электр энергетикасы кәсіптік колледжінің ректоры Чэн Мин бастап келді.
Кездесуде Тараз қаласында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында бірлескен оқу орталығын, сондай-ақ Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің базасында білікті мамандарды даярлаудың толық циклін қамтамасыз ететін бірлескен оқу колледжін ашу мәселесі қаралды. Сондай-ақ Қытайдан оқытушыларды тарту мәселесі талқыланды.
"Үш шатқал" колледжі Қытайдың су саласына кадр даярлау бағытындағы жетекші оқу орындарының бірі екенін ескерсек, бұл бағыттағы ынтымақтастықтың әлеуеті өте жоғары деп санаймыз. Тараз қаласында бірлескен оқу орталығы мен оқу колледжін ашу жөніндегі жобалар кадр даярлау жүйесіне тың серпін береді деп сенемін", - деді Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар тараптар қазақстандық су саласы мамандарының ҚХР-да біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі мен "Үш шатқал" электр энергетикасы кәсіптік колледжі барлық бірлескен бастаманы жан-жақты пысықтау үшін арнайы жұмыс тобын құруға келісті.