​Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп спутник салмақшы

0
1 796

Бұл аппараттар 5 метрге дейінгі заттарды суретке түсіре алады.


​Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп спутник салмақшы

ERNUR.KZ. Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Өзбекстанмен бірлесіп спутник жасау ойларында бар екенін жеткізді, деп жазады centralasian.org/a.

Халықаралық әскери-техникалық департаментінің қызметкері Асланбек Сырланов қазақ-өзбек бірлескен спутнигін салуда нақты ұсыныс бар екенін айтады.

«Қазір біздің өзбекстандық әріптестеріміз шетелдік спутникті пайдаланады. Сондықтан бірлескен бір спутник салу жөнінде ұсыныс түсті», – дейді Сырланов баспасөз мәслихаты кезінде.

Мұнан бөлек Орталық Азия елдері ынтымақтастығы аясында бірден бес спутник тұрғызу қарастырылып жатыр екен. Бұл аппараттар 5 метрге дейінгі заттарды суретке түсіре алады.

«Сонда Орталық Азиядағы әрбір мемлекет бір спутниктен басқарады. Күнделікті суретке түсіріп отыруға мүмкіндік бар. Мұның бәрі Қазақстан ұсынып отыр», – дейді Сырланов.

21 қыркүйекте Астанада жаңа геосаяси жағдайда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі халықаралық конференция өткен. Бұл жиынға екі елдің ғарыш саласындағы озық сарапшылары қатысты. Шара аясында екі ел арасында ғарыш өнәркәсібін дамытуға байланысты меморондумға қол қойылған.