Қазақстан мен Ресей +7 телефон кодын бірлесіп қолдануға келісті

0
196

Қазақстан үкіметінің қаулысы 26 қазанда қол қойылды.


Қазақстан мен Ресей +7 телефон кодын бірлесіп қолдануға келісті

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Қазақстан Ресеймен бірге телефон коды +7 нөмірін бірлесе пайдалану туралы келісім жобасын мақұлдады, деп жазады stan.kz.

Жобаға сәйкес Қазақстан мен Ресей халықаралық телефон желісінің 7-аймағындағы нөмірлерді (+7) бірлесіп пайдалануды жалғастырады.

"Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасында 7-аймақ нөмірлерін бірлесе пайдалану туралы келісім жобасын мақұлдау," – делінген қаулыда.

Сонымен қатар Ресей 200-299, 300-399, 400-499, 500-599, 810-818, 820-821, 831, 833-836, 840-848, 850-851, 855-857, 860-863, 865-867, 869, 871-873, 877-880, 900-999 код диапазондарын ерекше тәртіпте пайдалана алады. Мысалы, Ресейде +7 (950), +7 (904) кодтары қолданылады. Қазақстанға келетін болсақ, құжатта төмендегі диапазондағы кодтар бекітілген: 000 – 099, 600 – 699, 700 – 799. Мысалы, +7 (775), +7 (701).

Бұдан бөлек екі мемлекет бірлесіп пайдаланатын диапазондарға қол жеткізе алады: 100–199, 800–809 және 881–899.

Нөмірлеу кодтарының бірлесіп пайдаланылатын диапазондарын пайдалану кезінде тараптар:

  • нөмірлеу кодтарын бірлесіп пайдаланылатын мемлекеттер заңнамаға сәйкес өз бетінше тағайындайды;
  • аталған нөмірлеу кодтарының диапазондарын тек өз мемлекеттерінің телефон байланысы желілерінде ғана пайдаланады.

“Таралмаған код ресурстары (26 код бар: 819, 822-829, 830, 832, 837-839, 849, 852-854, 858-859, 864, 868, 870, 874-876) жалпы резервте сақталады. Резервтен шығару және таралмаған код ресурстарын кейіннен бөлу тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. Ол Қазақстан үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 7-аймақ нөмірлеуін бірлесіп пайдалану туралы келісімнің ажырамас бөлігі ретінде саналады. Осылайша жеке хаттамалар арқылы рәсімделеді, – делінген құжатта.

Қазақстан үкіметінің қаулысы 26 қазанда қол қойылды.

Еске салайық, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы телефон кодын өзгертуге қатысты ұстанымын айтты. Министр өзінің азаматтық ұстанымын айтып, нөмірлерді +7-ден +9-ға ауыстырып отырғысы келмейтінін айтты. Оның айтуынша, байланыс операторларымен бірлесіп жүргізіліген консультациялардың нәтижесінде қаржылық, экономикалық және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырген. Осылайша Қазақстан +7 деңгейінде қалу керек деген пікірге тоқталды.