Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 390 мың баррельге дейін қысқартады

0
743

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 390 мың баррельге дейін қысқартады

ERNUR.KZ. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін екі айға тәулігіне 390 мың баррельге дейін қысқарту бойынша міндеттемелер алды, деп жазады Tengrinews.kz.

"ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлері қатысқан вебинары барысында ОПЕК+ құрамына кіретін және кірмейтін елдермен тәулігіне 9,7 миллион баррель мұнай өндіру туралы келісім жасалды. Бұл әлемдік мұнай индустриясы тарихында өндірістің ең үлкен ұжымдық қысқаруының бірі. Қазақстан өз кезегінде келісімдегі консенсусқа қолдау көрсетіп, тәулігіне мұнай өндірісн 390 мың баррельге дейін қысқарту міндетін өз мойнына алды", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, шешім әлемдік мұнай нарығында қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты қабылданған.

ОПЕК+ мәмілесінің арқасында өндірісті қысқарту ұжымдық деңгейде бақыланады, бұл нарыққа оң серпін беріп, мұнай бағасының өсуіне әсер етеді, сондай-ақ тауар шығару проблемасын шешеді.