Қазақстан оқушылары математикадан Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды

0
627

19 жылда аталған олимпиадаға 114 қазақстандық оқушы қатысып, 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алды.


Қазақстан оқушылары математикадан Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Албания астанасында математикадан 27-ші Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) аяқталды. Оған Балқан түбегінен 20 ел және қонақ елдерден барлығы 130-ға жуық оқушы қатысты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқу-ағарту министрлігінен мәлім еткендей, халықаралық математика жарысында Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздар:

- Алматы қаласының «Республикалық физика-математикалық мектебі» КеАҚ 9-сынып оқушысы Амирлан Аманжолов –– алтын медаль;

- Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Серік Мұрзабек –– күміс медаль;

- Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Ерқанат Кеңшілік –– күміс медаль;

- Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Әлинұр Маратұлы –– қола медаль;

- Қарағанды облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Жанарыс Теңдіков –– қола медаль;

- Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аят Абдуллаев –– қола медаль.

«Қатысушылар математикалық олимпиадалардың ережелеріне сәйкес құрастырылған авторлық тапсырмалар орындады. Оларды шешу үшін міндетті түрде ерекше тәсіл қажет. JBMO-ға қатысу – барлық қатысушылар үшін өте қысқа уақытта мәселелерді шешуде өз қабілетін тексеруге жақсы мүмкіндік», - дейді топ жетекшісі Владимир Жук.

Айта кетейік, 19 жылда аталған олимпиадаға 114 қазақстандық оқушы қатысып, 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алды.