Шекара қызметінің мәліметінше, бұл жағдай «Жібек жолы» өткізу пунктінде іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» бақылау-өткізу бекетінде құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуімен байланысты.
ERNUR.KZ. ҰҚК-нің Шекара қызметі Өзбекстанмен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік кептелісі неден пайда болғанын айтты, деп жазады ulysmedia.kz.
Не болды
Шекара қызметінің мәліметінше, бұл жағдай «Жібек жолы» өткізу пунктінде іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» бақылау-өткізу бекетінде құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуімен байланысты. Сондай-ақ қазақстандық «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекара өткелдерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.
ҰҚК не дейді
Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері шаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.