Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

0
90

"Шырша" және "Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шаралары шеңберінде пысықтаулар басталды.


Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

ERNUR.KZ. Қазақстан полициясы Жаңа жыл мерекелеріне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп жазады tengrinews.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңажылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

"23 желтоқсаннан бастап полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жеке құрамның саны ұлғайтылды, мемлекеттік және стратегиялық аса маңызды нысандардың қауіпсіздігі күшейтілді. Патрульдік маршруттар қару-жарақ дүкендері мен түзеу мекемелеріне жақын орналастырылды. Ойын-сауық орындарының жанында қосымша тәртіп жасағы қойылды. Резервтер дайындыққа келтірілді. Азаматтардың заңды және қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық науқандар ұйымдастырылды", - деді Игорь Лепеха.

"Шырша" және "Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шаралары шеңберінде пысықтаулар басталды. Барлық мереке күндері полиция негізгі іс-шаралар өткізілетін орындарда қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етеді, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қауіпсіздігін күшейтеді, сондай-ақ жедел штабтардың жұмысы мен жол қозғалысын қадағалау ұйымдастырылады.