Қазақстан – Ресей форумында 200-ден астам тілші ақпарат таратады

0
1 168

Форумнан жаңалық беретін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Оқушылар сарайынан арнайы медиаорталық ашылды


Қазақстан – Ресей форумында 200-ден астам тілші ақпарат таратады

ERNUR.KZ. Бүгін Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының кезекті 15-форумы өз жұмысын бастайды, деп жазады 24.kz.

Алқалы жиын екі күнге созылады. Бүгін Петропавл үшін тарихи сәт десек те болады. Өйткені, шыны керек, Солтүстік Қазақстан облысы аталмыш форумға үш жылдан астам уақыт дайындалды. Енді, міне, маңызды шараға бас-аяғы екі мыңнан астам делегат қатыспақшы.

Жалпы биылғы басқосудағы басты тақырып – туризм саласы. Қазір санаулы минуттардан кейін «Қазақстан мен Ресей елдерінде туризмді дамытудағы жаңа тәсілдер мен тенденциялар» атты туристік көрменің салтанатты ашылуы өтеді. Бұдан бөлек кешке дейін бірнеше панельдік отырыс ұйымдастырылып, келелі жиындар өткізілмекші. Онда екі елдің азаматтары осы салаға қатысты өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасатын болады.

Форумнан жаңалық беретін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Оқушылар сарайынан арнайы медиаорталық ашылды. Ол жерде тілшілер қауымына барлық жағдай жасалған. Жалпы, 200-ден астам журналист екі күн бойы жұмыс жасайтын болады. Олардың жартысына жуығы шетелдік әріптестеріміз.