Қазақстан Ресейден бензин әкелуге уақытша тыйым салады

0
649

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Қазақстан Ресейден бензин әкелуге уақытша тыйым салады

ERNUR.KZ. Қазақстан отандық өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде шара қабылдап жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ресей Федерациясынан бензин, дизель және авиациялық отынды Қазақстанның ішкі нарығына әкелуге уақытша тыйым салынады», - деп мәлім етті Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлар номенклатурасы кодтарының 2709, 2710, 2902, 3403, 3811 топтарына жататын тауарларды автокөлік құралымен ел аумағынан әкетуге тыйым салуды алып тастамақ.