Қазақстан Samsung смартфондарын шығаруға ниеттеніп отыр

0
231

Бүгінде ол – республикадағы ең танымал смартфон.


Қазақстан Samsung смартфондарын шығаруға ниеттеніп отыр

ERNUR.KZ. Қазақстан танымал Samsung смартфондарын шығаруға ниет етіп отыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Еліміз Оңтүстік Кореяға Samsung құрылғысын бірлесіп шығаруды ұсынды. Бүгінде ол – республикадағы ең танымал смартфон.

Бұл құрылғыларға сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр, Қазақстан нарығының 50%-дан астамын оңтүстіккореялық бренд алып жатқанын ескере отырып, Қазақстанда смартфондардың бірлескен өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр, – деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, еліміз бұл жобаға серіктес таба алады.

Қазақстанда дарынды жастар, университеттер және кешенді инновациялық экожүйе базасы бар, елде смартфондарды бірлесіп шығаруға болады, – делінген хабарламада.