Жанар-жағармайды заңсыз өткізуге қатысты 2400 факті тіркелді.
фото: Пресс-служба КНБ Казахстана
ERNUR.KZ. Қазақстанда 300 тоннадан астам жанар-жағармайды шекара арқылы заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді, деп жазады sputnik.kz.
Жыл басынан бері өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізуге қатысты 2400-ден астам факті тіркелген.
"Бензин, дизель отыны, керосин және басқа да өнімдер бойынша жалпы көлемі 300 тоннадан асатын, құны шамамен 60 млн теңге болатын жанар-жағармай тәркіленді. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.
Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында тиісті шараларды жүзеге асырылып жатыр.


