​Қазақстан шенеуніктері миллардтаған бюджет қаражатын игермеген (видео)

0
1 187

Бірақ бұл қаражаттың қандай мақсатқа жұмсалатыны белгісіз.


​Қазақстан шенеуніктері миллардтаған бюджет қаражатын игермеген (видео)

сурет:volgodonsk.news

ERNUR.KZ. Қазақстанда мемлекеттік органдар республикалық бюджеттен биыл түрлі жобаларға бөлінген 28 миллиард теңгені игермеген.

Бұл уақытта облыстарда кейбір шенеуніктер бюджет қаражатына зәулім үйлер сатып алып, бірақ өз аймақтарындағы ақшаны игермей отыр. Ол жыл аяғына дейін - оннан астам жұмыс күні ішінде бәрін игеріп үлгереміз деп отыр.

Павлодар қаласының басшысы Әнуар Кумпекеев баспасөз конференциясында қанша балабақша салынып, қанша ағаш отырғызылғаны туралы айтты. Бұл мақсатқа бюджеттен 77 млн теңге жұмсалған. Бірақ шенеунік қала қазынасының 50 млн теңгесіне өзіне үй сатып алғанын айтуды ұмытып кетті. Шенеунік баспанамен қамтылуы керек, дейді облыстық әкімшіліктегілер, бірақ мұнша қаражатты жұмсауға болмайды.

"Облыс әкімі Павлодар қаласы басшысына сөгіс жариялап, қымбат пәтерді бірнеше пәтерге айырбастап, қалғандарын кезекте тұрған жетімдерге беруді тапсырды", – деді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Азамат Байтенов.

Қаржы министрлігі биыл шенеуніктер 28 миллиард теңге игерілмегенін хабарлады. Бұл қаражатқа мектеп, балабақша салуға болар еді, бірақ оның орындалмауының өз себебі бар. "Қаржының игерілмеуінің себебі – жұмыстың өз уақытда жасалмауы, қызметтің уақытылы көрсетілмеуі, тауардың дер кезінде алынбауы", – деп түсіндірді қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Бұл туралы "Сандж" зерттеулер орталығының директоры Жанар Жандосова үнемі айтып келеді. Мемлекеттік органдарда қаржы жылы қаңтарда басталады, ал ақша наурызда ғана түседі. Содан кейін тендер жарияланады. Жобаларды жүзеге асыруға уақыт аз қалады. Ақыры халыққа не қажет екені ұмыт болады, дейді социолог.

Астанада қаржы жылының аяқталуына 12 жұмыс күні ғана қалды. Ай ортасында Тәуелсіздік күніне байланысты бірнеше демалыс бар. Қаржы министрлігі аймақтардың миллиардтарды жаратуға бірнеше күні бар деп отыр. Бірақ бұл қаражаттың қандай мақсатқа жұмсалатыны белгісіз.