"Қазақстан темір жолы" ҰК басқарма төрағасының бірнеше орынбасары тағайындалды

0
341

Бұл туралы акионерлік қоғамның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы хабарлады.


ERNUR.KZ. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылық құрамы өзгерді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы акионерлік қоғамның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы хабарлады.

Қайсар Жұмабайұлының хабарлауынша, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы болып Бауыржан Орынбасаров тағайындалған.


«Бұған дейін ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамындағы «Магистралдық желі дирекциясы» филиалының директоры болды. Еңбек жолын 1994 жылы жолдар бойынша кезекші болып бастаған. Әр жылдары бас инженер болып жұмыс істеді, ҚТЖ филиалдарын – жолдың аймақтық бөлімдерін басқарды; вице-президент, ҚТЖ басқарма төрағасының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары болды», - деп жазды БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры.


Сонымен қатар, басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Ержан Жақышев, басқарма төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Қанат Әлмағамбетов тағайындалды.