Қазақстан төлқұжаты әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады

0
142

Сингапур төлқұжаты рейтингте көш бастады.


Қазақстан төлқұжаты әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Henley & Partners консалтингтік компаниясы жариялаған жаңартылған Дүниежүзілік Паспорт индексі бойынша Қазақстан екі сатыға жоғарылап, 63-орынға көтерілді. Құжат азаматтарға 79 елге визасыз кіру мүмкіндігін береді, деп жазады stan.kz.

Рейтингтің көтерілуіне Марокко, Танзания және Черногория елдерімен жаңа келісімдерге қол жеткізу және Мавританиямен визасыз режимнің жойылуы себеп болды. Индекс 199 төлқұжатты қамтиды. Ол халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ресми деректері негізінде құрастырылды. Индекс азаматтар визасыз немесе визасыз бара алатын елдердің санын көрсетеді.

Сингапур төлқұжаты рейтингте көш бастады. Бұл мемлекет 193 елге визасыз кіруге рұқсаты бар. Ал Жапония мен Оңтүстік Корея екінші орынды бөлісті. Екі ел 190 елге визасыз кіре алады. Үшінші орынды ЕуроОдақтың жеті елі бөлісті. Олар Италия, Испания, Франция, Германия, Дания, Финляндия, Ирландия. Бұл елдердің төлқұжаты 189 елге есік ашады. Төртінші орында Еуропа елдері. Олар Австрия, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия және Швеция. Азаматтары 188 елге визасыз бара алады. Жаңа Зеландия, Греция және Швейцария бесінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, АҚШ рейтингте оныншы орында тұр (182 ел). Бұл елге 20 жылда алғаш рет ондықтан шығу қаупі төніп тұр. Төлқұжаты бар болғаны 25 елге визасыз кіруге мүмкіндік беретін Ауғанстан әзірге рейтингтің соңында.

Соңғы жылдары Азия мен Таяу Шығыс елдері дипломатиялық белсенділікті арттырып, визалық ынтымақтастықты дамытып жатыр. Мыселен, Қытай 60-орынға жайғасқан. Аспан асты елі визасыз режимі бар елдердің тізімін айтарлықтай кеңейтті. Бұған дейін 94-орынға ие болған ел, 2015 жылмен салыстырғанда 34 позицияға көтерілді. БАӘ (8-орын, 186 ел) де жақсы нәтижеге қол жеткізді.