Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
ERNUR.KZ. Украинада жүрген қазақстандықтар 20 қараша күні көрші елге барып дауыс бере алады. Өйткені Украинада сайлау учаскесі ашылған жоқ. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Украинадағы жағдайға байланысты біз осы жолы сайлау учаскесін ашқан жоқпыз. Егер азаматтар қаласа, көрші елге – Молдова, Польшаға барып дауыс бере алады. Бірақ олар сол жаққа баратынын елшілікке күні бұрын ескертуі керек. Себебі бюллетеньдер жетпей қалуы мүмкін, алдын ала дайындап қою қажет", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Сайлауға алты кандидат түседі:
1. Қасым-Жомарт Тоқаев (Халықтық коалиция атынан);
2. Мейрам Қажыкен ( "Аманат" республикалық кәсіподақтар бірлестігі);
3. Жигули Дайрабаев ("Ауыл" партиясы);
4.Қарақат Әбден ("Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі);
5. Салтанат Тұрсынбекова ("Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі);
6. Нұрлан Әуесбаев (Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы).
Айта кетері, Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, мемлекет басшысы жеті жылға және тек бір мерзімге сайланады. Орталық сайлау комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, сайлауда 11 миллион 950 мың 485 адам дауыс бере алады.
Резерв есебімен 12 миллион данадан астам дауыс беру бюллетені басып шығарылды. Биыл алғаш рет президент сайлауының бюллетеніне "Бәріне қарсымын" тармағы қосылып отыр.