Украина СІМ Ресейдің толыққанды шабуылы туралы мәлімдеген болатын.
Жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметін іске қосты. Телефон нөмірлері: +7 7172 798213, +7 7172 798215. Колл-орталық 2022 жылғы 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді",- деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.


