Сондай-ақ елдегі пайдаланушылар санының өсуі бойынша да Қазақстан топ-10 елдің қатарына кірді.
фото: Акимат Карагандинской области
ERNUR.KZ. Қазақстан жасанды интеллект экожүйесін белсенді түрде қалыптастыруда. Ол Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен және ЕАЭО-мен сенімді бәсекелесе отырып елеулі нәтижелерге жетті, деп жазады sputnik.kz.
Microsoft компаниясы дайындаған Global ai diffusion рейтингіне сәйкес, Қазақстан Орталық Азия және ЕАЭО елдері арасында жасанды интеллект деңгейі бойынша көшбасшы болды.
"Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан 147 ел арасында 70-ші орынға ие болды. Сонымен қатар Қазақстан жасанды интеллектіні дамыту бойынша 15,9% көрсеткішімен Орталық Азия мен ЕАЭО-ның басқа елдерінен едәуір асып түсті", - жеп жазылған хабарламада.
Салыстырмалы түрде, жасанды интеллект деңгейі Беларуссияда - 9,6%, Қырғызстанда — 9,5%, Ресейде — 9,5%, Өзбекстанда — 7,2%, Тәжікстанда және Түрікменстанда — 6,1%.
Қазақстан жасанды интеллект деңгейі бойынша өңір көшбасшылар қатарына кіріп қана қоймай, әлемдегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. Сондай-ақ елдегі пайдаланушылар санының өсуі бойынша да Қазақстан топ-10 елдің қатарына кірді: көрсеткіш былтырғы жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда бірден 25,6%-ке өсті.


