Қазақстан жолдарында ауыр көліктерге уақытша шектеулер енгізілді

0
535

Еліміздің солтүстік аймақтарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады.


Қазақстан жолдарында ауыр көліктерге уақытша шектеулер енгізілді

ERNUR.KZ. Жазғы уақытта ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер жылда енгізіледі, деп жазады zakon.kz.

Осылайша, еліміздің солтүстік аймақтарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер 11:00 мен 21:00 сағат аралығында сақталады.

Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, сағат 10:00-нан 22:00-ге дейін сақталады.

Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.