Қазақстанда 1 мамырдан бастап су тарифтері қымбаттамақ

0
895

Тариф соңғы тұтынушыға судың экономикалық құндылығы бар екенін және оны ұтымды пайдалану керектігін көрсетуі керек, деп санайды Экология министрлігі.


Қазақстанда 1 мамырдан бастап су тарифтері қымбаттамақ

ERNUR.KZ. Қазақстанда арналар арқылы су берудің орташа өткізу тарифі 1,826 теңге/м3-тен 2,057 теңге/м3-ке дейін қымбаттамақ. Оның ішінде өздігінен ағатын жүйемен суарылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін баға 0,376 теңге/м3-ден 0,66 теңге/м3-ге дейін артады. Барлық сомалар ҚҚС-сыз көрсетілген, деп хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

«ҚР ҰЭМ (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі) Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің тиісті бұйрығы 1 мамырда күшіне енеді», - деп жазылған хабарламада.

Экология министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда жер үсті көздерінен арналар арқылы су беру тарифтері (су тарифтері) суландыру үшін сумен жабдықтау жүйелерін пайдалануға және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған барлық шығындарды жабу үшін жеткіліксіз және ауыл шаруашылығындағы өндірістік шығындардың аз ғана бөлігін құрайды.

«Орташа алғанда, судың ағымдағы құны негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруге жұмсалатын шығындардың 1% да жетпейді», - деп атап өтті ведомство.

Бұдан бөлек, министрліктің ақпараты бойынша, қаражаттың жетіспеушілігінен инфрақұрылымның нашарлауы су шығындары өсуіне алып келеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында шығындар 45%-ға жетпек.

«Тариф белгілеудің қазіргі құрылымы, әсіресе ауыл шаруашылығында, су ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандырмайды. Тариф соңғы тұтынушыға судың экономикалық құндылығы бар екенін және оны ұтымды пайдалану керектігін көрсетуі керек», – деп санайды Экология министрлігі.

Сондай-ақ, министрлік ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 904 қаулысымен бекітілген суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарында су пайдаланудың тиімділігін арттыру, су үнемдеуді ынталандыру және ауыл шаруашылығындағы инфрақұрылымды тиісінше пайдалану, техникалық қызмет көрсету және болашақта дамыту үшін жеткілікті түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында суармалы суды беру тарифін 10 жыл ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шығындарының үлесі 4% деңгейіне дейін біртіндеп жеткізу айқындалғанын еске салды.