Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы қалай өзгереді

0
730

Жасы 25-тегілер үшін наурыздың соңына дейін шотта 2 млн 90 мың теңге қалуы тиіс.


Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы қалай өзгереді

ERNUR.KZ. Зейнетақы қорындағы жинаққа салымшыларға берілетін үстеме табыс түсті. Ал қаражатты шешіп алуға 15 жұмыс күні ғана қалды. 1 сәуірден бастап, қорда қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы өзгереді, деп жазады Stan.kz

Жасы 25-тегілер үшін наурыздың соңына дейін шотта 2 млн 90 мың теңге қалуы тиіс, қалғанын шешіп алуға болады, сәуірден бастап бұл шек 3 млн 730 мың теңгеге дейін көтеріледі.

35 жастағылардың шекті сомасы 2 млн 940 мыңнан 5 миллионға көтерілсе, 45 жастағылар 3 млн 930 мыңнан 6,5 млн теңгеге көтеріледі. 55 жастағы тұрғындардікі 5 миллионнан 8 миллион теңгеден асып жығылады.

Еске салсақ, елімізде 2022 жылдан бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегінің артатыны туралы белгілі болған еді.