Қазақстанда 12 үйі бар бола тұра үкіметтен атаулы көмек алып жүрген отбасы табылды

0
110

​Ондай 15 отбасы туралы бүгін сенатор мәлім етті.


Қазақстанда 12 үйі бар бола тұра үкіметтен атаулы көмек алып жүрген отбасы табылды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Бекболат Орынбеков бір басында алтыдан 12 үйі бар бола тұра, үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген 15 отбасы барын мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, депутат осы мәселені көтере отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға атаулы әлеуметтік көмек мұқтаж жандарға емес, бай адамдарға да беріліп отырғанын айтты. Осылайша ол Еңбек министрінен «бұны тоқтату үшін не істейсіздер?» деп сұраған еді. Жақыпова тиісті бұйрыққа қол қойылғанын, сол арқылы енді АӘК алатын әр адам өзінің банк құпиясын ашуға рұқсат беруге келісуі керек екенін айтқан.

Ал, жалпы депутаттың айтуынша, қазір үкіметті «алдап», мұқтаж емес болса да отбасының әр мүшесіне ақша алып отырған бай отбасылар бап,

«Атаулы әлеуметтік көмек алып отырса да алты үйден 12 үйге дейін мүлкі бар 15 отбасы анықталды. Ал, 1,5 мың отбасының коммерциялық мүлкі бар болып шықты. Осыған қарап-ақ бұл саладағы қазіргі әдістерді түбегейлі өзгерту керек екенін түсінеміз», - дейді Сенат депутаты.