Қазақстанда 1991-2021 жылдары қайтыс болған кейбір адамдардың отбасына қатысты маңызды шешім қабылданды

0
66

Олар – осы жылдары мерт болған құқық қорғау органдарының қызметкерлері.


Қазақстанда 1991-2021 жылдары қайтыс болған кейбір адамдардың отбасына қатысты маңызды шешім қабылданды

Фото: parlam.kz.

ERNUR.KZ. Бүгін Мәжілістің бір жылғы жұмысын қорытындылаған палата төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар атқарған тағы бір маңызды жұмыс туралы айтып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дәлірек айтсақ, әлеуметтік саладағы заңнамалық шешімдер туралы айта келе Қошанов отыз жыл бұрны асыраушысынан айырылған құқық қорғау орган қызметкерлерінің отбасылары енді жәрдемақы алатын болды деді.

«Қызмет бабында асыраушысынан айырылған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолдау шараларының енуі - әлеуметтік әділеттілікті нығайту бағытындағы үлкен қадам болды. Депутаттар 1991-2021 жылдар аралығында асыраушысы қайтыс болған 500-ден астам отбасыға ай сайынғы жәрдемақы төлеу мәселесін шешті», - деді Қошанов.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс спикері депутаттардың бір жылғы жұмысын қорытындылаған болатын.