Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Синоптиктер алдағы үш күнге – 5, 6 және 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп жазады tengrinews.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, бұл тұрақсыз ауа райын алып келеді: боранды қар жауады, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын және көктайғақ күтіледі. Елдің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ, ауа температурасының төмендеуі болжанған:
- батыс аймақтарда түнде 7-12 градус аяз,
- солтүстік-батыста 13-18 градус аяз,
- солтүстік және орталықта 15-20 градус аяз,
- республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 3-8 градус, таулы аймақтарда 10-16 градус аяз.