Телекоммуникациялық жабдықтарда жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
ERNUR.KZ. Елімізде бірқатар мемлекеттік органдардың порталы уақытша жұмыс істемейді, деп жазады ҚазАқпарат.
Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда 2019 жылғы 2 наурыз сағат 21:00-ден бастап 3 наурыз 17:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты келесі интернет-ресурстар жұмыс істемейді:
- «Электрондық үкімет» порталы»;
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;
- «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;
- «Мобильді үкімет» қосымшасы;
- «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
- «Техбайқау» міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры; «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;
- «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;
- Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайты;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты.