​Қазақстанда 2019 жылдан бастап зейнетақы мөлшері артады

0
2 047

Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашық есік күні.


​Қазақстанда 2019 жылдан бастап зейнетақы мөлшері артады

ERNUR.KZ. Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашық есік күні. Шара қордың 20 жылдығына орайластырылды, деп жазады 24.kz.

Қалалар мен елді мекендерде таңғы сағат 10.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін азаматтар көкейінде жүрген сауалдарға жауап ала алады. Қатысушылар зейнетақы жүйесінің тарихы мен дамуы туралы біліп, қызметкерлерден консультациялық кеңес алуға құқылы. Келесі жылдан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 27 732 теңгені құрайды. Ал базалық зейнетақы 36 108 теңгеге жетеді.

2019-2021 жылға арналған республикалық бюджетте осылай жоспарланып отыр. Елімізде әлеуметтік блоктың шығындары 15,4 триллион теңгені құраған. Оның 4,7 трлн-ы келер жылы жұмсалады. Ал әлеуметтік қамсыздандыруға 9,5 триллион теңге жоспарланса, оның 3 трлн-ы 2019 жылы игеріледі.