Үкіметтің қаулысына сәйкес, Жаңа жылда қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады. Жексенбі, 5 қаңтар күні жұмыс істейді.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
Қазақстан Үкіметі 2020 жылдың қаңтар мен мамыр айындағы мереке күндерін ауыстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді:
- 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;
- 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;
- 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын, - делінген Қаулы мәтінінде. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.