Қазақстанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өндірілген дәрі-дәрмектерге міндетті таңбалау енгізілді

0
315

Қаулы 2024 жылдың 3 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.


Қазақстанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өндірілген дәрі-дәрмектерге міндетті таңбалау енгізілді

ERNUR.KZ. Үкімет 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне тиісті өзгерістер енгізді, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар түрінде (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналған нысандарға немесе қаптамаларға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты, қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, міндетті таңбалау енгізілетіні анықталды.

Енді әрбір дәрінің қаптамасында цифрлық код болады. Сканерлеу арқылы өнімнің түпнұсқалығын және оның жарамдылық мерзімін тексеруге болады.

Қаулы 2024 жылдың 3 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді және 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.