Парламент 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі зейнетақы, базалық зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш көлемін бекітті.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Оған сәйкес, елімізде 2026 жылы зейнетақы көлемі 10% көтеріліп отыр, деп жазады inbusiness.kz.
Негізгі әлеуметтік көрсеткіштер қайта қаралды:
- Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
- Базалық зейнетақы – 35 596 теңге;
- Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
- АЕК – 4325 теңге;
- Күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
Өзгерістер 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке енгізілді.
Қорытынды құжатқа еліміздегі ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін арттыру ұсыныс енгізілген жоқ.


