Қазақстанда 21 жасқа дейінгілерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды

0
877


Қазақстанда 21 жасқа дейінгілерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурызда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салатын заңға қол қойды, деп жазады Stan.kz.


"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сәйкес бұл шара өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қабылданған.

“Өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады”, – делінген Ақорда хабарламасында.