Курстар осы жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері үшін тегін біліктілікті арттыру курстарын өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінгі таңда 28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курсын аяқтады. Курстар осы жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, оқу курстары осы жылдың ақпан айының соңында басталды. Орталық 80 мыңнан астам педагогті, оның ішінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жүйесінің 11 мыңнан астам педагогі және 68 мыңнан астам мектеп педагогі оқытуды жоспарлауда.