Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады

0
377

Ауа райы болжамына сәйкес, жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары кіре бастайды.


Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады

ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 25, 26 және 27 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Ауа райы болжамына сәйкес, жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары кіре бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде нөсер күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап республиканың солтүстігіне жетеді.

"Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35...+38 градусқа дейін, оңтүстігінде ыстық +40...+46 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.