Қазақстанда 6 жаңа мұнай кен орны балансқа қойылды

0
102

Қазақстанда 15 шөгінді бассейн бар, оның бесеуі игеріліп жатыр және сол жерлерде мұнай өндіріледі.


Қазақстанда 6 жаңа мұнай кен орны балансқа қойылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров 2026 жылғы 7 сәуірде Мәжіліс кулуарында жаңа мұнай кен орындарының қай жерде орналасқанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Ерлан Ақбаровтың айтуынша, Қазақстанда 15 шөгінді бассейн бар, оның бесеуі игеріліп жатыр және сол жерлерде мұнай өндіріледі.

"Өткен жылы бізде жалпы қоры 127 млн тоннадан асатын алты кен орны балансқа қойылды. Олар негізінен Маңғыстау және Атырау облыстарында орналасқан. Бұл кен орындарын негізінен өзіміздің жергілікті, шағын компаниялар игереді", – деді вице-министр.

2026 жылғы 31 наурызда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов 2025 жылы Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы аясында қосымша 434 мың тонна мұнай өндірілгенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, 2040 жылға дейін қосымша шамамен 54 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр.