Қазақстанда шай өндірісінің 92,1%-ы Алматыға тиесілі.
Фото: mnb.niizrt.ru
ERNUR.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері 9 мың тоннадан астам шай мен кофе өндірілді, деп жазады inbusiness.kz.
Ішкі нарықта өнімнің 20,8 мың тоннасы сатылған.
2026 жылғы қаңтар-шілде айларында елімізде 9 143 тонна шай және кофе өндірілді. Оның 3 829 тоннасы шайға тиесілі.
Шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі. Мұнда 3 528 тонна шай өндіріліп, жалпы көлемнің 92,1%-ын құрады. Осы көрсеткіш бойынша мегаполис өңірлер арасында көш бастап тұр.
Қазақстан нарығындағы өнімнің басым бөлігі импорт есебінен қамтамасыз етіледі. Импорттың үлесіне сергіткіш сусындардың 74,1%-ы тиесілі. Жыл басынан бері елге 18,3 мың тонна шай жеткізілген.
Алты айда Қазақстаннан 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортталды. Ал ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілген.
Бір адамға шаққанда шай тұтыну көлемі айына орта есеппен 100 граммды құрайды.
Қазақстанға шай жеткізетін негізгі елдердің қатарында Кения бар. Оның үлесіне импортталған шайдың 27,2%-ы тиесілі. Сонымен қатар өнімнің едәуір бөлігі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.


