Қазақстанда 97 ауыл өз еркімен алкогольден бас тартқан

0
346

Сенаттағы брифингте ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха нақты 97 ауыл ішімдіктен өз еркімен бас тартқанын айтып, өңірлерге тоқталып өтті.


Қазақстанда 97 ауыл өз еркімен алкогольден бас тартқан

ERNUR.KZ. Қазақстанда 100-ге жуық ауыл тұрғыны ішімдіктен бас тартты. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осылай деп мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Сенаттағы брифингте ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха нақты 97 ауыл ішімдіктен өз еркімен бас тартқанын айтып, өңірлерге тоқталып өтті.

“Қарағанды облысында 50 ауыл, Түркістан облысы 7 ауыл, Қостанай облысында 6, Ақтөбе облысында 5, Жамбыл облысында 5 ауыл, ШҚО-да 4, Қызылорда облысында 3, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында 2 ауыл, Маңғыстау, Жетісу және Павлодар облысында 1 ауыл. Бұл – шағын ауылдар. Осы өңірлердің тұрғындары "енді ішімдік ішпейміз" деп шешім қабылдаған. Өздерінің бастамасы”, – деді Игорь Лепеха сенаттың жалпы отырысынан соң.

Вице-министрдің сөзінше, осындай бастама көтеріліп жатқан соң министрлік мониторинг жүргізіп, бұл ауылдарда құқық бұзушылық бірнеше есе азайғанын байқаған.

“Менің ойымша, мұнда ішімдік сатылмайды да. Тұрғындар "сухой закон" болады деп шешкен. Ешкім сатып алмайды және сатпайды. Сіздер осы ауылдардың біріне барып көріңіздер", – деді Игорь Лепеха.

Бұған дейін сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехаға Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылданғаннан кейін ұсталған күш көрсетушілер саны артып кете ме, оған министрлік дайын ба деген сұрақ қойылды. Ол “бәріне орын табамыз” деп жауап берді.