Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 миллиард теңге бөлінді.
ERNUR.KZ. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды, деп жазады Экспресс К.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 миллиард теңге бөлінді. АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл — 5175 теңге) ауыстырылды.
Мәселен 2023 жылдың 1 ақпандағы жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда — 106,4 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.