Қазақстанда аэротаксимен ұшу бағасы айтылды

0
67

Бозымбаевтың айтуынша, аэротаксимен ұшудың болжамды құны бір шақырымға шамамен бір доллар болады.


Қазақстанда аэротаксимен ұшу бағасы айтылды

Фото: Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үкіметте өткен брифингте Қазақстанда аэротаксимен ұшудың бір шақырымы қанша тұратынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Бозымбаевтың айтуынша, аэротаксимен ұшудың болжамды құны бір шақырымға шамамен бір доллар болады.

"Мәселен, жолаушы Алматы әуежайына ұшып келді делік. Қазір кептеліске байланысты жол бір жарым-екі сағат уақыт алады. Маңайда дрондарды орналастыру жоспарланған: адам ұшуды алдын ала брондайды. Қазір бұл шамамен шықырымына бір доллар, мысалмен айтқанда, 15 шақырым үшін адам 15 доллар төлеп, діттеген жеріне жетеді", – деді Бозымбаев.

Демек, жоспар бойынша әуежайдан Алматы орталығына дейін ұшу құны 7-8 мың теңге көлемінде болмақ. Үкіметтегілер кейінірек "бәсекелестік есебінен" ұшу бағасы арзандайды деп үміттенеді.

"Бизнес үшін бұл бәсекелестік тудырады, уақыт өте келе одан да арзандай түседі. Сондай-ақ жеткізу қызметі де дамиды. Біз жалпы Алатаудағы ғимараттардың барлық жобалық шешімдері жеткізуді ұйымдастыру үшін жолаушыларға да, жүк дрондарына да бейімделген болуын жоспарлап отырмыз", – деп түсіндірді Бозымбаев.

Естеріңізге сала кетейік: ұшатын такси мен квадропорттар Қазақстанда Алатау қаласының құрылысы аясында пайда болады. Аэротаксиді Алатау, Алматы және туристік орындар арасында іске қосуға уәде беріп отыр. Жобаны алдағы 2-3 жылда сынақтан өткізу жоспарланған.