Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі көтеріледі

0
455

Министрдің айтуынша, жол ақысы 2013 жылдан бері өзгермеген.


Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі көтеріледі

ERNUR.KZ. Көлік министрлігі ақылы жолдардың тарифін көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Марат Қарабаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Тарифті ұлғайту жоспарда бар. Неге екенін түсіндірейін. Тариф 2013 жылдан бері он бір жыл бойы өзгерген жоқ. Былтыр 20%-ке көтерілді. Сосын біздің тарифті басқа елдермен салыстырыңыздаршы. Егер Қазақстанда 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде теңгеге шаққанда – 7 теңге", - дейді Қарабаев сенат кулуарында.
Оның айтуынша, жолдың сапасы жақсы болуы үшін оған күтім қажет.
"Ал сіздер жолды салық төлеушілер есебінен емес, ҚазАвтоЖол бюджетінен күтіп ұстағанды қалайсыздар. Сол себепті жалғыз жол – ақылы жолдардың тарифін көтеру", - деп түсіндірді көлік министрі.
Қарабаев ақылы жолдардың тарифі көп көтерілмейді деп уәде берді.
"Кейбіреулері екі-үш есеге өсірейік деп жатыр. Бірден айтамын, тариф екі-үш есеге көтерілмейді, бірақ белгілі бір пайызға қымбаттайтыны анық. Біздің мамандар жолды күтіп ұстауға қанша қаражат қажет, соны ескеріп есептейді. Қосымша 1 100 техника сатып алу керек", - деді ведомство басшысы.
Министр ақылы жолдардың тарифін көтеру мәселесі қоғам талқысына шығарылатынын атап өтті. Талқылауды наурыз айынан бастау жоспарланып отыр.