​Қазақстанда әлемнің мергендері сайысады

0
1 400

Сайысқа 11 елдің үздіктері қатысады


​Қазақстанда әлемнің  мергендері сайысады

ERNUR.KZ. 2018 жылғы 20-25 тамыз аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының аумағында VIII мергендер жұбының «Алтын үкі - 2018» халықаралық жарыстары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын үкі» кубогы үшін Ауғанстан, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан мен Ресей сынды әлемнің 11 елінен келген үздік мергендер бақ сынасады.

Жарыстың бақылаушыларды ретінде АҚШ, БАӘ, Оңтүстік Корея және Түркия елдерінің өкілдері қатысады. Бес күнге созылатын сайысты мергендер әртүрлі қашықтықтан, жылдамдықпен және жылдамдықсыз, тәуліктің түнгі және күндізгі уақыттарында ойлы-қырлы жерлерде бағдар алу мен бүркеу дағдыларын қолдану арқылы нысанаға көздеуден күш сынасады.

Алдағы дода «Алтын үкі - 2018» жарыстарының тарихындағы ең ірісі болмақ. Кейбір елдер сайысқа алғаш рет қатысып жатыр.

Еске салайық, халықаралық «Алтын үкі» жарыстары 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олар әрдайым өзге сайыстардан ерекшелігімен басым түседі. Доданы жоспарлау мен ұйымдастыру барысында қазақстандық мергендердің АҚШ, Иордания, Белорусь, Ресейде өткен жарыстардан алған тәжірибелері есепке алынды.