Қазақстанда алғашқы метеорологиялық зымыранды ұшыру кейінге қалдырылды

0
109

Зымыранды ұшыру отандық зымыран-тасығыштарды жасауға дайындық аясында және ғарыш аппараттарын орбитаға шығару технологияларын пысықтау мақсатында жоспарланған болатын.


Қазақстанда алғашқы метеорологиялық зымыранды ұшыру кейінге қалдырылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда метеорологиялық зымыранды ұшыру кейінге шегерілді. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің вице-министрі Мәлік Олжабеков мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Зымыранды ұшыру отандық зымыран-тасығыштарды жасауға дайындық аясында және ғарыш аппараттарын орбитаға шығару технологияларын пысықтау мақсатында жоспарланған болатын.

Біз метеорологиялық зымыранға қатысты бірқатар сынақ өткіздік және барлық жүйелер бойынша қосымша тесттерді толық аяқтау үшін ұшыруды кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылдадық. Нақты күнді әріптестермен талқылап жатырмыз, шамамен қаңтар айында хабарлауды жоспарлап отырмыз. Біз үшін басты басымдық – қауіпсіздік, – деді вице-министр.

Бұған дейін Жаслан Мәдиев Қазақстанда құрастырылған алғашқы метеорологиялық зымыранның ұшырылуы елде зымыран-тасығыш өндірісі бағдарламасын дамытудың бастау нүктесі болатынын айтқан еді.