Қазақстанда Аналар және Әкелер күні мерекелері пайда болады

0
397

Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


Қазақстанда Аналар және Әкелер күні мерекелері пайда болады

ERNUR.KZ. Елімізде қос мереке – Аналар және Әкелер күні мейрамдары бекітілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында хабарланған, деп жазады ҚазАқпарат.

Құжатта Аналар күнін – мамырдың екінші жексенбісіне, Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне белгілеу ұсынылған.

Қаулы түсіндірмесінде аталған мерекелік күндерді бекіту еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал ететіні жазылған.

«Мерекелік күндердің тізбесіне «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді», - деп түсіндірме берілген қаулы-жобасына.

Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.