Қазақстанда анықтама құжаттары қысқарады

0
919

Бұл туралы еліміздің цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті.


Қазақстанда анықтама құжаттары қысқарады

ERNUR.KZ. Елімізде жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы жөніндегі анықтама да күшін жоюы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір осы құжатты жиі талап ететін банктермен ортақ жүйе жасалып жатыр. Бұл туралы еліміздің цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. Еске сала кетейік, 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді. Кез келген азаматтың тұрғылықты жері туралы мәлімет ортақ базадан табылады. Жалпы жыл сайын республика бойынша 20 млн анықтама беріледі. Мұндай 30 түрлі құжатты келешекте рет-ретімен қысқарту көзделіп отыр.

– Интеграция жұмыстарын аяқтау керек. Мәселен, пәтер болу анықтамасын жоюға дайынбыз. Бірақ оған банктер дайын емес. Осы күні күтіп отырмыз. Банктер реттесе, келесі анықтамаларды жоюға дайынбыз, - дейді ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов.