​Қазақстанда авиациялық отынның бағасы арзандады

0
1 198

Биыл жоспар бойынша 694 мың тонна аиакеросин өндірілмек, ал ішкі қажеттілік 630-650 мың тонна деңгейінде қалыптасады деп күтілуде.


​Қазақстанда авиациялық отынның бағасы арзандады

ERNUR.KZ. Қазақстанда ұшақ отынының құны арзандады, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қазақстандық өндірістің РТ маркалы авиациялық отынына көтерме баға төмендегені туралы хабарлайды. Бағаның өзгеруі Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды аяқтау аясында ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру желісінің кеңеюіне негізделген», - делінген «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мәліметінде.

Жоғарыда көрсетілген фактор ішкі нарықты ел үшін стратегиялық маңызды мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге және бағасы қымбатимпорттан бас тартуға мүмкіндік берді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда авиакеросинді өндіру мәселесіне түсінік берді.

Оның айтуынша, биыл жоспар бойынша 694 мың тонна аиакеросин өндірілмек, ал ішкі қажеттілік 630-650 мың тонна деңгейінде қалыптасады деп күтілуде.