Жоба 25 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Фото: Zakon.kz
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңының 17-бабының 14) тармақшасында Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудан немесе азаматтығын қалпына келтіруден бас тартудың негіздері:
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхат, егер өтініш білдірген адам ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын бастауыш деңгейде білмесе, қабылданбайды.
Түзетулер осы білім көлемін келесідей өзгертуді ұсынады:
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде кемінде 15 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін 20 балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемі кемінде 15 балл болып бекітілсін."
Еске салайық, қазіргі уақытта қазақ тілін бастауыш деңгейде білу кемінде 36 балл, ал Конституция негіздерін білу 9 баллдан кем емес.
Қазақстан тарихын білу деңгейіне қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады.
Жобаның қабылдануы әрбір пән бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына үміткерлерді тестілеу сұрақтарының барынша тең арақатынасын қамтамасыз етеді және шекті деңгейді 10%-ға төмендетеді, деп түсіндірді ҚР Жоғары білім министрлігі.
Жоба 25 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.