Қазақстанда балалар ұшақпен тегін ұшуы мүмкін

0
1 090

Бұл сауалды шешуге биылғы жылдың желтоқсанына дейін уақыт берілген.


Қазақстанда балалар ұшақпен тегін ұшуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда 15 жасқа дейінгі балаларды ұшақпен тасымалдау тегін болуы мүмкін. Қазір оның жолдары Үкіметте қарастырылуда, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар, заңға өзгеріс енгізіліп, tax free және kids go free механизмдері пысықталып жатыр. Оған Қаржы, Ұлттық экономика, Мәдениет және спорт министрлігі жауапты, деп хабарлайды Atameken Business. Бұл сауалды шешуге биылғы жылдың желтоқсанына дейін уақыт берілген.

Қаперде болса, ұлттық компания «Қазақ Туризм» kids go free жобасының балалардың Қазақстан ішінде тегін жүруіне қатысты екенін айтқан. Егер аталмыш жоба бекітілсе, онда ата- аналар 30 пайыз қаражатын үнемдей алады.