Қазақстанда балаларды көбіне жақын туыстары зорлайтын болып шықты

0
588

Қазақстанда балаларды зорлаған педофилдердің дені жәбірленушілердің жақын туысы болып шықты.


Қазақстанда балаларды көбіне жақын туыстары зорлайтын болып шықты

ERNUR.KZ. Бұл туралы мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев айтты, деп жазады sputnik.kz.

Депутат келтірген статистикаға сүйенсек, 2019 жылы Қазақстандағы құқық қорғау органдарының есебінде адам зорлаған 2800 қылмыскер, бала зорлаған 1350 педофил тұрған. 2021 жылы колонияларда 1861 педофил жазасын өтесе, 50-і сол жылы бостандыққа шыққан.
"Осы орайда балаларды зорлаған кім деген сұрақ туады. Балаларды зорлағандардың 77 проценті өз әкесі, өгей әкесі, көрші немесе сол үйдің туысы деген ақпарат алдық. Бұл енді сұмдық жағдай", - дейді мәжілісмен.
Сәрсенғалиев балаларға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін мектептегі сынып жетекшісінің орнына арнайы маман алуды, психологтардың санын көбейту, әлеуметтік педагог мәселесін реттеу қажет екенін атап өтті.
"Психологтарды даярлау сапасы нашар болғаннан, әлеуметтік желіде "подписчигі" көп кез келген блогер, кез келген әнші психолог болып, адамның жанын емдеуге кірісіп кетіп жатыр. Бұл да үлкен проблема. Олар кәсіби маман болмаған соң, мұны арты неге әкеп соғатынын жақсы білеміз", - деп түйіндеді сөзін депутат.