Қазақстанда білімге қатысы жоқ 170 жекеменшік ұйым мемлекеттен ақша алып келген

0
89

​Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлім етті.


Қазақстанда білімге қатысы жоқ 170 жекеменшік ұйым мемлекеттен ақша алып келген

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі және қосымша білім беруді қаржыландырудың ваучерлік тетігі енген. Тексеру аясында білім беру бағыты басқа салада болса да мемлекеттен ақша алып келген 170 ұйым анықталған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді.

«Пилоттық жоба аясында дербес түгендеу жүргіздік, қайталанатын жазбалар анықталды. Ұйымдардың қызметін талдай отырып, білім беру бейініне сәйкес келмейтін 170 ұйым анықталды», - дейді ол.