Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма: Петиция бойынша министрлік жауабы

0
548

Бұған дейін Шығыс Қазақстан тұрғындары бұрынғы уақытты қайтаруды сұрап, петиция жариялады.


Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма: Петиция бойынша министрлік жауабы

ERNUR.KZ. Мәжіліс отырысының кулуарында шенеунік министрліктің түскен ескертулерді мұқият қадағалап отырғанын айтты, деп жазады stan.kz.

"Мәселе мынада, ережеге сәйкес, біз алдымен петицияның нәтижесін күтуіміз керек, содан кейін барып іске көшеміз. Қазір бұл туралы сөз қозғауға ерте. Әзірге біз министрліктің басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған ресми ұстанымын ұстанамыз", - деді вице-министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Төребаевтың айтуынша, петиция бойынша шешім биылғы жылдың желтоқсан айында қабылданады.

"Біз бұл мәселені барлық мемлекеттік органдармен бірлесе қарайтын боламыз. Желтоқсан айында шешілетін мәселені гипотетикалық түрде талқылайтын боламыз. 50 мың дауыстың сыни массасына қол жеткізген жағдайда, жұмыс үкімет ішінде қайтадан қаралады", - деді Төребаев.

Айта кетейік, уақыт белдеуі ауысқаннан кейін eGov жүйесінде біраз қазақстандықтардың жасы ұлғайған. Кейбір қазақстандықтар қызықты өзгерістерге тап болды - олардың электронды құжаттарында туған күні өзгерді. Сонымен қатар, кейбіреулердің жеке куәлігінде, жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында өзгерістер пайда болды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан тұрғындары бұрынғы уақытты қайтаруды сұрап, петиция жариялады.